![]()
24.12.2018
«37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті»х алықаралық стандартының орындалуына дайындық» семинары
20-21 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті» ISO 37001:2016 халықаралық стандартының орындалуына дайындық бойынша семинар өтті. Семинарды университеттің Даму стратегиясы және сапаны талдау департаментінің ұйымдастыруымен «ISO ендіру консалтингілік Агенттігінің директоры Анатолий Бандуро өткізді.
Екі күндік семинардың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын-алу, сыбайлас жемқорлық туралы қызметкерлер мен студенттерге ақпарат беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Семинарға проректорлар, институт директорлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және ҚазҰПУ-дың жемқорлыққа қарсы комиссиясының мүшелері қатысты.
Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов іс-шараны ашып, ISO 37001: 2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті» халықаралық стандарты бойынша семинардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Білім сапасын сараптау және бағалау бөлімі ![]() Вернутся назад |
20.02.2019 Tournament for the Rector`s Cup «ABAI UNIVERSITY CUP»19.02.2019 «Problems of training teachers of the XXI century»18.02.2019 Round table «Kazakh script based on Latin: problems of onomasico-graphic space»18.02.2019 «Actual problems of law, economics and education at the present stage: theory and practice»18.02.2019 «Menin pіrіm - Suiinbay»15.02.2019 Erasmus+ credit mobility programme at the University of Perpignan Via Domitia for 2019-2020 academic year |
Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@kaznpu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68 8(727)291-87-80 |
Center of Excellence and Distance Education |