қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.02.2020

«Абайдың қара сөздері - халық мұрасы» әдеби -танымдық кеші өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының ұйымдастыруымен ғұлама, ойшыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері-халық мұрасы» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш өтті.

 

Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев құттықтау сөзімен ашып, «Абай жылы» университет қабырғасында ұйымдастырылатын шаралар туралы қысқаша ақпарат берді. Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің мәліметіне сүйенсек, шара студент жастардың Абай әлемін танып, шығармашылығы тұрғысында кеңінен мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл шараға университет студенттері мен магистранттары қатысып, Хакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айтып, ақынның терең философиялық ой-тұжырымдарын өз түсініктері бойынша ортаға салды. Белсенді қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

15.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz



129

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler