қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Нұрбатыров Болатбек Боданұлы

Нұрбатыров Болатбек Боданұлы

 

Нұрбатыров Болатбек Боданұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің "Түлектер қауымдастығы" орталығының атқарушы директоры.
Алматы қаласы, Медеу ауданы "НҰР ОТАН" партиясының "Абай" бастауыш партия ұйымының 1- ші орынбасары.
1986 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының көркем-сурет факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы «Қолданбалы өнер, сызу және еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша оқу тәмәмдады.
1995-2005 жылдар аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданынындағы 108 арнайы орта білім беретін мектепте мұғалімдік және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.
1999 жылдан бастап " Нұр Отан" партиясының мүшесі.
2005-2009 жылдар аралығында «Көркем сурет» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды.
Өз жұмысы бойынша көптеген конкурстар өткізді, оның ішінде студенттердің жұмыстарын, оқытушылардың жұмыстарын көптеген қалалық, республикалық конкурстарға қатыстырды.
40 тан аса баспадан шыққан статьялары бар. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталға 2007 жылы ерен еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төс белгісімен мадақталған.
2009-2018 жылдың мамыр айына дейін Университет қызметкерлер кәсіподағының төрағасы қызметін атқарып келді;
2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданының 75 жылдық мерейтой қарсаңында мерекелік төс белгімен марапатталды;
2013 жылы «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды;
2013 жылы «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесіне қабылданды;
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік төс бөлгісімен марапатталды.
2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің енбек сіңірген "Ерең еңбегі" үшін төс белгісімен марапатталды.
2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында мерекелік төс белгісімен марапатталды.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler