қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.03.2018

«Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» көрмесінің ашылуы өтеді

 

2018 жылдың 16 наурыз күні сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.


«Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» экспозициялық көрмесі Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық еңбегінің нәтижесі десе болады. Көрмеден бұғанға дейін қойылмаған кескіндеме, графика, мүсіндеу және қолданбалы өнер туындыларын кездестіруге болады. Ондағы портреттер, натюрморттар, пейзаждар, жанрлық композициялар мен қолданбалы өнер жұмыстары - отандық мәдениетіміздің байлығын көрсетеді.

 

Көрме 2018 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.

 

Байланыс телефондары:

ҚР Мемлекеттік орталық музейі - 264-46-50, 264-55-77;

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты - 291-76-08

 

Баспасөз хаттамасы (Сілтеме)

 



232

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler