қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.10.2018

Хабарландыру

 

2018 жылдың 1 қараша күні бірінші курс студенттеріне арналған «Студент қатарына қабылдау - 2018» салтанатты шарасы өтеді.


Шара барысында барша бірінші курс студенттерін құттықтау сөздері айтылып, концерттік бағдарлама ұсынылады.


Концерттік бағдарламада Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Аида Аюпова, эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов, «Alem band» әншілер тобы, қазақ эстрадасының жұлдыздары және университеттің өнерпаз студенттері өнер көрсетеді.

 

Басталуы: сағат 18:00-де

 

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

 



138

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler