қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.05.2019

«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы

 

2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясына қатыса алады. Акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті және фискалдық деректер Операторымен бірлесіп жүзеге асырылады.


Бұл акцияның мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғауда азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту.

 

«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясына Қазақстанның 18 жастан асқан барлық азаматтары кез-келген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде БКМ-нің онлайн-түбіртектерін алу арқылы қатыса алады.

 

Акция барысында еліміздің әрбір тұрғыны ақылы қызметтерді немесе тауарларды сатып алған кезінде смартфонның иесі бола алады. Ол үшін Сіз тек «Таңдау» мобильді қосымшада тауарларға, ақылы жұмыстар мен қызметтерге төленген түбіртектерді тіркеуіңіз керек. Акцияға фиксинг және (немесе) деректерді беру функциясы бар кассалық бақылау машиналарының түбіртектері қатыса алады (онлайн-БКМ).

 

Акцияның толық шарттары және қосымшасымен жұмыс істеу туралы нұсқаулармен www.trebui.kz акциясының веб-сайтынан танысуыңызға болады.

 

Бейнероликтер келесі сілтемелерде көрсетілген:

https://www.youtube.com/watch?v=4v2HppG4Kuo

https://www.youtube.com/watch?v=aoLzhnORmJQ 

 



354

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler