қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2015

2015-2016 оқу жылының кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бойынша қазанның 19-24 аралығында Қызылорда облысының Сырдария, Жалаңаш, Қармақшы, Шиелі және Жанақорған аудандарына, қараша айының 22-28 аралығында Алматы облысының Кербулақ, Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарына үгіт насихат форумын орындау мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-ның әр институтарынан құрылған оқытушылар мен техникалық қызметкерлерінен тоб ішінде Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жанкушков Бауыржан Оразайұлы іс-сапарға барып келді.
Іс-сапар кезінде Қызылорда обылысы мен Алматы облыстарының аудандарының аудан орталықтарына 2015-2016 оқу жылының мектеп бітіруші түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барсында мектеп түлектеріне университетін жарнамалы қысқа видео ролик, университет институтары және мамандықтары туралы слайд презентация көрсетілді. Оқуға түсу және кабылдау комисиясының мерзімі туралы ақпарат беріліп, университет және институттар дайындайтын мамандықтар туралы ақпарат беріліп буклеттер мен газеттер таратылды.
Мектеп түлектері университет мамандықтар жайлы, университетке түсу балл туралы, мемлекеттік грант, әскери кафедра, жатақхана және әлеуметтік жеңілдіктер туралы сұрақтар қойды. Әр оқытушы өзіне қойылған сұраққа жауап берді.
Кездесу аяғында әр аудан түлектерімен Абай атындағы оқытушылар естелікке фото суретке түсірілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының орындалуы бойынша әр институт оқытушылардын кәсіби бағдар жасағаны туралы іс-сапар куәлігіне білім беру орталықтарының мөрі басылды.

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler