қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2016

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің 20.01.2016 жылғы №01-05-11 бұйрығына сәйкес педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен тұнғыш рет педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттар олимпиадасы 2016 жылдың 20-сәуірінде өтті.
Олимпиадаға университеттің 6 институты: «Педагогика және психология» институты, «Филология» институты, «Жаратылыстану және география» институты, «Математика, физика және информатика» институты, «Тарих және құқық» институты, «Өнер, мәдениет және спорт» институттарының магистранттары қатысты.
Олимпиада бірінші проректор М.Е.Ермағанбетовтің құттықтау сөзімен ашылды. Әділ қазылар алқасының төрағасы М.Е.Ермағанбетов, ал әділ қазылар құрамында п.ғ.д., профессор Ұ.М.Әбдіғапбарова , п.ғ.д., профессор Б.А. Тұрғынбаева , п.ғ.д., профессор С.Н. Жиенбаева , пс.ғ.д, профессор  З.Б. Мадалиева болды.

Олимпиада ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру және талантты жас зерттеушілерді анықтау мен оларға қолдау көрсету мақсатында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұ.М.Әбдіғапбарова мен профессор, педагогика ғылымдарының докторы Б.А.Тұрғынбаеваның құрастырған «Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттар олимпиадасы туралы Ережеге» сәйкес төмендегідей 5 кезеңнен тұрды:
- «Студенттердің педагогикалық жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша командалық шағын зерттеу нәтижесін презентациялау;
-«Ғылыми хабарлама» - өзінің диссертациялық зерттеуі бойынша қысқаша сөйлеу (7 минут, презентациялық материалды қолданбау);
- Жазбаша жұмыс: ұсынылған мақалаға пікір жазу;
-«Ғылым және зерттеуші тұлғасы» тақырыбы бойынша ғылыми пікірталас;
-«Ғылыми эрудиция/ой-өріс» байқауы - әрбір қатысушының өзінің
ғылыми ой-өрісін, ғылыми - зерттеу жұмысынан хабардарлығы мен дайындығын көрсету міндеттерін шешуі.

Қазылар алқасының шешімімен олимпиада жеңімпаздары 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен, ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттардың олимпиадасында» үздік өнер көрсеткені үшін «Педагогика және психология» институтының магистранттары I дәрежелі дипломмен, дербестігімен ерекшеленгені үшін «Жаратылыстану және география» институты II дәрежелі дипломмен, белсенділігіменен ерекшеленгені үшін «Тарих және құқық» институты ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай жүлделерге ие болды.

Сондай-ақ, «Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттардың олимпиадасына» белсенді қатысқаны үшін «Филология» институты, «Математика, физика және информатика» институты, «Өнер, мәдениет және спорт» институттарының магистранттары алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Педагогика және психология кафедрасы

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler