қазақша · русский · english
 
 
 
22.08.2016

2016 жылдың 19 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық - кеңес беру орталығы» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры «Білімді ел - мәңгі ел» тамыздық педагогикалық конференциясына қатысты.
Мовкебаева З.А. арнайы (түзету) мектебінің қызметкерлеріне, орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары үшін «Білім беру мазмұнын жаңарту және инклюзивті білім беруді енгізу жағдайларында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау» пленарлық отырыс секциясында «Инклюзивтік білім беру бойынша 2011-2020 жж. ҚР мемлекеттік бағдарламасын енгізу» баяндамасымен сөз сөйледі.
Тамыздық педагогикалық конференциясында «Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық - кеңес беру орталығы» ғылыми-тәжірибелік орталығының директорына Алматы қ. білім беру басқармасынан оқушының әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеуі жұмысында ерекше жетістіктері үшін, Қазақстан және Алматы қаласында инклюзивті білім беруді енгізу үрдісіне жеке кәсіби үлесі үшін алғыс хат табысталды.

 

                                        

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler