қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2016

 

2016 ж. 27-28 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» Ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор З.А.Мовкебаева Беларусь Республикасы Білім министрі М.А.Журавлевтың шақыру бойынша Минск қ. «Инклюзивные процессы в образовании» атты Халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция Беларусь Республикасы Білім министрлігі, «Максим Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті», «Ұлттық білім беру институты» Ғылыми-әдістемелік мекемесі, «Дипломнан кейінгі білім академиясы» Білім беру мемлекеттік мекемесі және (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының Өкілдігімен ұйымдастырылған.
ЖООИББКО директоры Бірінші пленарлық мәжілісінде «Развитие системы инклюзивного образования вРеспублике Казахстан» атты баяндама жасады. Баяндамада жалпы білім беру процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды енгізу жүйесін дамыту перспективаларын және негізгі бағыттарын айтты.
Конференция бағдарламасында инклюзия идеяларын жылжыту саласындағы халықаралық сарапшылар, инклюзивті білім беру мәселелерін әзірлеген ғалымдар, инклюзив саласындағы педагогикалық кадрлар даярлайтын мамандар, инклюзивті білім беру технологияларын жүзеге асыратын педагог-практиктардың баяндамалары көрсетілген.
Конференцияда білім берудегі инклюзивтік процестер бағыттары да көрсетілді.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler