қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2016

 

Отандық бастауыш білім беру жүйесінің жаһандануға ықпалдасуы Қазақстанның бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында тұрғанымен сипатталады. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр», - деген болатын. Осындай жүктелген ауыр міндетті жүзеге асыруда мұғалімнің әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, кіріктірудің әртүрлі бағдарынан хабары бар, білім мен ғылымның негізін меңгерту нәтижесінде ғана іске асырары сөзсіз. Бұл әлемдік білім кеңістігіне кірудің басты көрсеткіші болмақ.

 

Осыған орай, Педагогика және психология институтында Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының п.ғ.д., профессоры Амирова Амина Слямханқызы «Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі. Бастауыш білім берудің даму жолдарын  жобалау» тақырыбында Қазақстан жоғары оқу орындарымен «On-line» режимінде мастер класс өткізілді. Мастер класс қазіргі таңдағы білім беру саласына қажетті болып саналатын төмендегідей мәселелерді қарастырды:

1.     Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі;

2.     Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау;

3.     Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекеттерді жобалау технологиялары.

 

«On-line» режиміндегі мастер классқа қатысушы Жоғары оқу орындары тақырыпқа сай дайындалған ғылыми жобаларын ұсынып, жан-жақты ізденістерін көрсете білді. Сондай-ақ, тапсырма ретінде берілген педагогикалық жағдаятты университеттер әртүрлі рөлде орындап шықты. Мастар класс соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты Тоқтамысова Дурия ғылыми жобаны ағылшын тілінде қорғап шықты.

 

«On-line» режимінде өткізілген мастер классқа белсенді қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Шет тілдер және Іскерлік карьера университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы-профессорларына, магистранттары мен докторанттарына алғыс айтамыз. 

Мақаланы дайындаған: Эльмира Уайдуллақызы

Жас ғалымдар Кеңесінің төрайымы,

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler