қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2017

«21 ҒАСЫРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМІ» атты ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

        2017ж. 12 сәуір күні Математика, физика және информатика институтында қоғамдық маңызды мейрамдарға арналған, болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктерінің және білімдерінің инновациялық ашық сайысы ретінде «21 ғасырдың құзыретті мұғалімі» атты педагогикалық олимпиада өткізілді.
      Бұл оқу-әдістемелік шығармашылық істің ұйымдастырушысы, жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасының доценті Жұмашева Светлана Сатыбалдықызының жетекшілігімен әр жыл сайын өткізілетін олимпиаданың мақсаты-білім алушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттыру және жаңа инновациялық мектептің болашақ мұғалімінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Осы жылғы да олимпиадаға қатысушы «математика», «физика», «информатика» және «кәсіптік оқыту» мамандықтары студенттері С.С. Жұмашеваның бағдарламасы негізінде алғашқы теориялық кезеңінде «Оқу жетістіктері портфолиосын»қорғап, өздерінің білімдерін, кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен шығармашылдығын таныта білді. Сол сияқты «Мамандық презентациясын» ұсынуы, «Педагогикалық менеджмент» тақырыптық газеттерін насихаттауы да болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде олимпиадаға қатысушы топтар теориялық білімдерінің практикалық сынағы ретінде «Мектептің тұтас педагогикалық процесі жағдайында кездесетін түрлі шиеленістер мен қарама-қайшылықтарды шешу жолдары» атты әр түрлі бағытта педагогикалық кейстер құрастырып, оларға өзіндік шешімдерін ұсыну арқылы өздерінің педагогикалық қабілеттіліктерін айқындады. Сонымен қатар, топ басшыларының сайысы ретінде «Тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы» деп өткізілген іскерлік ойындар олимпиадаға қатысушылардың жеке көшбасшылық, менеджерліқ қабілеттілігі мен тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеттілігінің сынағы болды деуге болады. Педагогикалық олимпиада соңында мараппатау рәсімі жүргізіліп, олимпиада гимні шырқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпаратты дайындаған жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасы,

кафедра меңгерушісі проф. Жампеисова Қ.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler