қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

«Біз осы заманғы білім беру жүйесіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз».
Н.Ә.Назарбаев:

         Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады.
     Осыған орай, Астана қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖОО-ны оқытушылары үшін ұйымдастырылған 27.03.2017-14.04.2017 аралығында «ҚР-нда орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша жүргізілген курсқа Педагогика және Психология институты, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары - п.ғ.м., аға оқытушы Омарова Г.Ж., п.ғ.м., аға оқытушы Абдыкадыров А.О., п.ғ.к. Сафаргалиева А.И., п.ғ.м., оқытушы Жұмаш Ж., PhD доктор Уайдуллақызы Э. қатысты.
        Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты - ЖОО-да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқытушыларға бастауыш мектеп пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Бағдарламаның ерекшелігі студенттерге үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге бағытталған. Аталған оқытушылар курста меңгерген білімдерін кафедрадағы басқа оқытушылармен бөлісу мақсатында 28-сәуір күні семинар өткізді. Семинарға кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Жұмабаева Ә:Е. және барша кафедра оқытушылары қатысты.

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler