қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2018

«Р.М. Қоянбаев атындағы Үздік топ» сайысы

 

2018 жылдың 18 сәуірінде «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 35- жылдығына арналған онкүндік аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Мариям Бекбаева, Гүлжанар Арыновалардың ұйымдастыруымен өткізілді. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1 және 2 курс студенттері арасында «Р.М. Қоянбаев атындағы Үздік топ» сайысы өтті.

 

Конкурс қатысушыларының өнерін тәуелсіз әділ-қазы алқалары: Р.М. Қоянбаевтың жары Қалдан апай, Мектепке дейінгі оқыту мен әлеуметтік педагогика кафедрасының Phd докторы Анар Алимбекова, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс магистранты Баян Жұмабай бағалады.

 

Қазақ және орыс оқу топтарынан құралған 6 топ қатысқан сайыс 4 тур бойынша жүргізілді:

1 тур: Таныстыру

2тур: «Мамандығым-мақтанышым...» атты көрініс

3 тур: Мамандықтың 35-жылдығына ән шығару

4 тур: Би

 

Сайыс нәтижесі бойынша «Орыс Star» тобы -1 орын, «Бастау» және «Самғау» топтары - 2 орын, «Абай қызғалдақтары» мен «Асыл», «Просто Класс» топтары - 3 орынды иеленді.

 

Әр топ шығармашылықпен, шеберлікпен ерекше өнер көрсете білді. Топтар естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

         

 

         

 

         

 

         




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler