қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2018

Алматы Марафон-2018

 

2018 жылдың 22 сәуірі күні Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі кезекті спорттық іс-шара халықаралық марафон өтті.


Марафон скандинавиялық жүруді тарату, халықаралық марафондық жарыстарға жүгіруге дайындау, юниорларға ары қарай жарыстарға қатысуларына жағдай жасау, республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларды қолдау, зиянды әдеттерден арылту және алдын алу, денісау ұлтты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

 

Марафонға 17 елден 14000 мыңнан астам адамдар қатысты. Солардың қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері болды.

 

Педагогика және психология инситутының «Лидер» үйірмесінің студенттері марафонда 10 км жүгіруде және волонтер, жанкүйерлер ретінде ерекше белсенділік танытты.

 

Жүгіруге қабілеттілік әр адамда табиғатпен берілген. Жүгіру - өмір мен денсаулықты сақтауда эволюциямен қарастырылған негізгі механизмдердің бірі болып саналады. Мүмкін сондықтан болар марафондағы атмосфера қатысушыларға жағымды әсер етеді.

 

Біз марафонды ұйымдастырушылар мен спонсорларына пайдалы және жанға жағымды іс-шараға қатысуымызға мүмкіндік жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз.

 

         

 

         

 

         




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler