қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2018

БОПӘ кафедрасының онкүндігі жалғасуда!

 

2018 жылдың 23 сәуір күні Онкүндік аясында кафедраның халықаралық қызметіне арналған іс-шара өткізілді.

 

Бұл күн Қазан Федералдық Университетінің Білім беру Психологиясы Институты Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Венера Закированың құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз кафедрасының ұйымдастырған іс-шараларының барлығына белсене қатысқаны үшін біздің кафедраның оқытушылары атына алғыс білдіріп, болашақта да ынтымақтастықтың жалғасатынына үмітінің бар екендігін айтты.

 

Кафедраның аға оқытушысы, халықаралық байланыстарға жауапты Екатерина Рябова қонақтарға осы уақытқа дейін өткізілген барлық халықаралық шаралар, атап айтсақ, «Жүйедегі бала» форсайт-сессия, «Заманауи оқушы портреті» дөңгелек үстелі, педагогикалық шеберлік конкурсы жайлы бейнеролик көрсетті. «Сабақтарға таныстырылымдар» тақырыбындағы халықаралық конкурсқа қатысып, бірінші орын алған студенттер өз таныстырылымдарын қорғады (барлық іс-шаралар жайлы ақпарат сайтқа орналастырылған).

 

Кафедраның түлегі, қазіргі таңда М.Бегалин атындағы №120 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Марина Дерикошма өз алғысын білдірді. Ол кафедрамыздың түлектерінің өз группаластарымен ғана емес, өздерінің аға буын өкілдерімен, яғни кафедра оқытушыларымен тығыз байланыста екендіктерін айтып өтті. Марина Дерикошма жұмыс жасайтын мектептің мұғалімдері кафедраның өткізіп жатқан конкурстарына әділ қазылар алқасы ретінде белсене қатысады. Олар қазіргі заман студенттерінің шығармашылық қабілеттерінің артып, студенттер бойында болашақ кәсібіне қажетті қасиеттердің қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қауымдастық профессоры, Лариса Агеева өз сөзінде осындай ынтымақтастықтың өте қажет екендігін айтты. Бір мамандықта оқып жатқан әр түрлі жоғары оқу орындарының студенттері өзінің болашақ кәсібі үшін бірге өсулері тиіс, өйткені болашақта олар қоян-қолтық жұмыс жасайды. Бүгінгі ынтымақтастық олардың болашағына игі әсер ететіні сөзсіз. Олар, студенттер, бір-біріне қарайды, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне көмектеседі.

 

Аталмыш шара Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік технологиялық университеті Гуманитарлық білім беру институтының директоры Ольга Гвенэктың және оқытушылар мен студенттердің құттықтау сөздерімен аяқталды. Олар біздің кафедрамыздың атына жылы лебіздерін білдірді. Олар да болашақта ынтымақтаса жұмыс жасайтындықтарына үміттенетіндіктерін айтты.

 

Біз де ынтымақтастық шекарасының кеңи түскеніне, түрлі педагогикалық университеттердің тәжірибелерімен танысуға мүмкіндігіміздің болғанына қуанамыз.

 

         

 

         

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler