қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2018

5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша

Х Республикалық пәндік олимпиадасы

 

2018 жылдың 19-20 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

 

Студенттердің пәндік олимпиадасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің қауымдастық профессоры Сараш Қоңырбаева, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Сандугаш Атейбек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Лариса Лебедева, Алматы қаласындағы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Бесірова әділқазылық етті.

 

Республика бойынша ЖОО студенттерінен құрылған жалпы саны 18 команда қатысқан пәндік олимпиада шығармашылық байқау - «Жаңартылған біліммен - жарқын болашаққа!», теориялық байқау- «Энциклопедист», практикалық байқау - «Шебер сынып» кезеңдерінен тұрды.

 

Әділқазылардың шешімімен 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша студенттердің Х Республикалық пәндік олимпиадасында 1-дәрежелі дипломды Гүлбибі Құдайберген (Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті), 2-дәрежелі дипломды Айым Мухамеджанова (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), Тәмила Өскенбай (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), 3-дәрежелі дипломды Ажар Тұрсын (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті), Акерке Арстанова (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті), Нұрсипат Әбутахирова (Абай атындағы ҚазҰПУ) иеленді.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler