қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2018

«Университет көктемі-2018» әдістемелік фестивалі

 

2018 жылдың 24 сәуір күні Математика, физика және информатика институтында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдық мерейтойына тарту ретінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктерінің және педагогикалық құзыреттіліктерінің инновациялық ашық сайысы ретінде «Университет көктемі-2018» әдістемелік фестивалі өткізілді.

 

Тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп тұратын, бұл оқу- тәрбиелік, ғылыми-әдістемелік шығармашылық іс-шараға автор және ұйымдастырушысы, Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасының доценті Светлана Жұмашева жетекшілік етті. «Математика», «физика», «информатика» педагогикалық мамандықтарының студенттерінің қатысуымен өткен фестивальда сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен тәрбиелеу технологияларымен қатар, қазіргі оқушының үлгерімі мен тәртібі, танымдық дербестілігі мен бос уақытының тиімділігі, зиянды әдеттерге қарсы- осындай көкейкесті мәселелерге арналған интербелсенді тәрбие сағаттарын инновациялық әдіс-тәсілдері негізінде өткізе білді.


Сонымен бірге, интербелсенді түрінде біздің Абай атындағы ҚазҰПУ-ның 90-жылдығына,«Рухани жаңғыру» жобасына, «Республикалық ата-аналар жиналысы күніне», «Қазақтың ұлттық киімдерінің күніне» арналған, болашақ мектеп және мамандықты таңдау мәселелеріне шешім табу мақсатында әлеуметтік бағытталған ұжымдық-шығармашылық істер мен «Дипломмен-ауылға!», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» акциялары өткізілді. «Оқу жетістіктері портфолиосы» және «Білім беру менеджерінің портфолиосын» қорғауы да болашақ мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік және ұйымдастырушылық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік берді. Фестивальдің соңында әр түрлі номинациялар бойынша мараппатау рәсімі жүргізіліп, дәстүр бойынша фестиваль әнұраны шырқалды.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler