қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2018

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі

 

2018 жылдың 24-сәуір күні педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.


Жәрмеңкеде түрлі тағамдар мен тәттілер ұсынылып, шарадан түскен қаражатты жетімдер үйіне табыстадық.


2018 жылдың 29 сәуірі күні педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Жанар Ибраимова және 1-курс магистранттары «Жанұя» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барып қайтып, шағын қаржылық көмек беріп,қол ұшын созды. Мекемеде жетім балалар мен қатар ауруға шалдыққан балалар тәрбиеленеді, магистранттар тарапынан балаларға түрлі психологиялық тренингтер мен ойындар өткізілді, ең бастысы балаларға қызықты болғаны, көздерінде қуаныш нұры көрінгені біз үшін жеңіс болды десек те артық айтпаймыз.


«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған, бірақ дегенмен "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар көп екеніне көз жеткіздік. Сондықтан біз өмірдің көлеңкелі жақтарын бейнелейтін қайырымдылық жәрмеңкесін осындай пайдалы, дұрыс әрекетке арнадық.

 

         

 

         alt= 

 

          




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler