қазақша · русский · english
 
 
 
14.05.2018

«Ғылымға қадам» балалардың ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 11 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша п.ғ.д., профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарованың «Дуальді-бағдарлық оқыту болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты» ғылыми жобасының шеңберінде «Ғылымға қадам» балалардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен жұмыс берушінің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің әртүрлі жолдарын ұйымдастыру және дуальді-бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың маңызды тетігі, ең алдымен мектеп болып табылады. Университеттің №8 мектеп-гимназиясымен бірлесе өткізілген іс-шара ғылыми-зерттеу саласындағы осындай серіктестіктің тәжірибесін көрсетеді.

 

Конференция жоба жетекшісі Ұлжарқын Әбдіғапбарованың, жоба мүшелері п.ғ.к., доцент Гүлзира Абдуллаева, психол.ғ.д., профессор Надежда Жиенбаева, 6D010300-Педагогика және психология мамандығының докторанты Эльмира Айтенованың ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Конференцияға Алматы қаласының №8 мектеп-гимназиясынан 1-10 сынып бойынша 25 оқушы, мұғалімдер мен ата-аналар және Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар, магистранттар қатысты.

 

Конференцияның салтанатты ашылуында осындай маңызды іс-шараның қатысушыларын құттықтау үшін университеттің ғылыми жұмыс және ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, жетекші ғалымдары келді.

 

Конференцияның жұмысы екі секцияда жүргізілді. Бірінші секцияда 1-4 бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары талданса, екінші секцияда орта және жоғары сынып оқушылары өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғады.

 

Бастауыш сынып оқушыларының қазылар алқасының құрамында жоба жетекшісі Ұлжаркын Әбдіғапбарова; педагогика және психология институты директорының орынбасары Ақтоты Акжолова; п.ғ.к., доцент Лариса Лебедева; №8 мектеп-гимназия мектеп директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары Наталья Вернер; жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Валентина Дроздова болды. Секцияның модераторлық жұмысын п.ғ.к., доцент Асель Акпаева жүргізді.

 

Орта және жоғары сынып секциясының жұмысын п.ғ.к., доцент Гульзира Абдуллаева жүргізді. Бұл секциядағы қазылар алқасының құрамында педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов; п.ғ.д., профессор Наталья Хан; п.ғ.д., профессор Надежда Жиенбаева; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі ф.ғ.к. Бахытжан Абикеева; жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Марьям Ибышева; бірінші санатты орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Евгения Орловская болды.

 

Секция жұмысы мен талқылау аяқталғаннан кейін конференция қатысушылары 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Осы іс-шара мектеп пен жоғары оқу орнының өзара іс-әрекетінің жағымды тәжірибесінің кеңеюінде, мектептегі білім беру мен университеттегі болашақ мамандардың кәсіби даярлығының сапасының жақсаруында, заманауи мұғалімнің мәртебесінің жоғарылауында, ғылыми іс-әрекет шекарасының ұлғаюында маңыздылығы басым.

 

Балалардың ғылыми-практикалық конференциясы - бұл мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ғылыми бағыттағы өзара іс-әректтің баға жетпес тәжірибесі.

 

         

 

         alt= 

 

         

 

         alt= 

 

           




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler