қазақша · русский · english
 
 
 
29.05.2018

Балаларға қуаныш сыйла!

 

2018 жылдың 28 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына орай Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары: Мариям Бекбаева, Гулжанар Арынова 1 маусым- Балалар күніне орай арналған «Отбасы және балалықты қолдау» орталығымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясын өткізді.


Оған 3 курс студенттері қатысып, студенттер көп балалы отбасына материалдық (азық-түлік, балаларға киім-кешек, ойыншықтар) көмектерін көрсетті.


Үй иесі мен балалары қуаныштарын жеткізіп, алғыстарын айтты. Осы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырған «Отбасы және балалықты қолдау» орталығының директоры Алия Қаңтарбаеваға, Гульнабад Аппазоваға және бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасына алғыстарын білдірді.

 

         

 

         

 

         

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler