қазақша · русский · english
 
 
 
22.09.2018

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында «Үштілдік - болашаққа бастар жол» шығармалар байқауы өткізілді

 

2018 ж. 21 қыркүйекте Қазақстан халқының «Тілдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үштілділік - болашаққа бастар жол» шығармалар байқауының қорытынды шарасы өткізілді.


Іс-шараның мақсаты: студенттердің тілді үйренуге деген шығармашылық қабілеттерін арттыру. Байқауға қазақ және орыс тобы бойынша 1-4 курс студенттері қатысты.


Жұмыстарды бағалауға қойылатын критерийлер: берілген тақырыпқа сәйкес болуы, жұмыстың құрылымы, шығарманың мазмұны және жазу сауаттылығы.


Байқаудың қазылар алқасы мүшелері: Жұмабаева Әзия - төрайым, п.ғ.д., профессор, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі; Сафаргалиева Айгуль - п.ғ.к., аға оқытушы; Стамбекова Әсел - п.ғ.к., аға оқытушы;  Сартаева Назгуль - п.ғ.м., аға оқытушы.


Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Чайкина Татьяна (1 курс) мен Қайыржанова Мадина (1 курс) иеленсе, 2-орын Құдайберген Іңкәр (3 курс) мен Нагимова Сураяға берілді (1 курс), ал 3-орын иегерлері Стригина Надежда (1 курс) мен Абдоллаева Айнұр (3 курс) болып белгіленді.


«Үштілділік - болашаққа бастар жол» шығармалар байқауына қатысушыларға тартымды жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз!

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler