қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2018

«Жүректен жүрекке» акциясы


Қарттар күнін атап өту бүкіл қоғам үшін өте маңызды. Бұл күн жасұрпаққа қарттарды үнемі құрметтеуге, қамқорлық жасауға оларды ұмытпауға тиіс екендіктері туралы түсінуге мүмкіндік береді.


Халықаралық қарттар күні Қазақстанда 1 қазан 1991 жылынан басталып, ресми аталып өтеді. 1 қазанда Қарттар құқығын қорғау қауымдастықтары ұйымдастыратын түрлі фестивальдер, конференциялар мен конгрестер өтеді.


Қоғамдық ұйымдар мен қорлар осы күні түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.Біздің студенттер осындай іс-шараларға еріктілер ретінде жиі қатысады.Студент үшін волонтер болу бұл әрқашан жаңа біліктілік пен тәжірибе. Сонымен қатар пікірлестер командасында жаңа білім алып, пайдалы дағдыларды игеру мүмкіндігі.


«Лидер» клубының студенттері Халықаралық қарттар күні аясында "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында" концерттік бағдарламаны өткізуде қолдау көрсетті. Волонтерлер мен ардагерлердің кездесуі жылы және үйлесімді жағдайда өтті.


Ардагерлер жас әртістер мен балалардың өнерлерін тыңдады, сондай-ақ өздері ән айтып, би биледі. Болашақта мұндай кездесулер жиі өтеді деп үміттенеміз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler