қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2018

Кафедра студенттері мен оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке қатысты

 

2018 жылдың 20 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының студенттері, магистранттары мен кафедра меңгерушісі, оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке қатысты.


Сенбілік барысында университеттің ауласын, оқу ғимаратының ішінде және 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

 

Университеттің жақын аумақтарын санитарлық тазартуға 1-ші және 4-ші курс студенттері мен 1-ші курс магистранттары, кафедра оқытушылары қатысып, әлеуметтік пайдалы іс-шараға өте белсенді атсалысты.

 

Таңғы уақытта басталған сенбілікте өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін тазартты. «Жұмыла көтереген жүк жеңіл» дегендей қауым болып ортақ қаламыздың әсемденуіне бір кісідей атсалысып, қоғамдық іс- шараны белсенді түрде ұйымдастырды.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler