қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2018

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

 

2018 жылдың 10 қарашасында «Спартак» стадионында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған «Денсаулық күні» университеттік спартакиадасы өтті.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, осындай спартакиада жыл сайын өткізіліп, біз үшін дәстүрге айналғанын атап өтті.

 

Спартакиадаға бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының 1, 2 курс студенттері және олардың оқытушы-эдвайзерлері: Айгүл Сафаргалиева, Назгүл Сартаева (1 курс); Мариям Бекбаева (2 курс) қатысты.

 

Студенттер түрлі спорт түрлерінен: мини-футбол, жеңіл атлетика және шахмат бойынша жарыстарға қатысты. Педагогика және психология институты директорының орынбасары Ақтоты Ақжолованың жетекшілігімен: волейболдан (1-орын), үстел теннисінен (3-орын), тоғызқұмалақтан (3 орын) нәтижелі көрсеткіштер көрсетті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler