қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2018

«Табысқа жол»

 

2018 жылдың 6 желтоқсанында жетекшісі (п.ғ.д., профессор Марфуға Абсатова) «Математика, физика және информатика», «Тарих және құқық», «Жаратылыстану-география», «Филология және көптілді білім беру» институттарының 1-курс магистранттарының ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Табысқа жол» педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
Фестиваль «Педагогика » курсын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды.


Фестивальге Абай ат.ҚазҰПУ доценті,философ.ғ.к. Шұға Абеуова , АТУ доценті,п.ғ.к. Айгул Купербаева , докторанттар мен магистранттар қатысты.


Фестивальдің 1 кезеңінде «Оқытудағы интербелсенді әдістер мен формалардың жүзеге асуы» нәтижесінде жоғары шеберлік пен кәсіби деңгейде оқытуды семинар-тренинг, рөлдік ойын,іскерлік -ойын, пікірталас, саяхат түрінде ұйымдастыра білгені үшін 1,2,3 дәрежелі дипломдармен магистранттар Рыскүл Мусахан, Қайрат Жұмабаев, ЖадыраЖаркимбекова, Жансая Сандыбаева, Нұрбике Хабдина, Гулназ Мамытова, Жарқынай Актаева, Гаухар Алайдарова, Казине Садиханова марапатталды.


2 -кезеңінде «Заманауи ақпараттық-білімдік технологиялар» электронды ресурстар сайысында сабақты ұйымдастыруда Flip PDF Professional, Prezi ақпараттық бағдарламарын пайдалану мүмкіндіктерін көрсеткен үшін магистранттар Айнагүл Салыкова, Гүлжаханбегім Шерхан, Айдана Бодық .

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler