қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2018

«Желідегі бала» халықаралық білім беру форсайт сессиясы


2018 жылдың 5-6 желтоқсанында Қазан федералды университеті және Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы балалар мен ғаламтордың өзара әсері мәселелеріне арналған«Желідегі бала» форсайт сессиясын өткізді.

 

Форсайт-сессияның мақсаты:педагогикалық және психологиялық-педагогикалық бағыттағы жас оқытушылар мен студенттердің ноксологиялық құзыреттілігін қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы ақпараттық ортада балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға дайындау.


Бұл іс-шараны бастамашысы - Қазан федералды университеті. Біздің тарапымыздан бірлесе ұйымдастырған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әзия Жұмабаева, педагогика магистрі, аға оқытушы Екатерина Рябова болды.


Форсайт -сессия бірнеше бөлімнен тұрды: Бастапқыда кейс чемпионатында проблемалық алаңға енгізу және жобалық шешімдерді ұсыну.


Содан кейін жобалық шешім форум-театрда тәжірибеде іске асырылды.


Форсайт-сессияға бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемес імамандығының 2-4 курс студенттері мен магистранттары қатысты. Кейс материалдарымен жұмыстан кейін студенттер «Хайп» тақырыбында өз жобаларын ұсынды.


Педагогикалық кейс чемпионатында қазылар алқасының шешімімен «Қыздар мен Женя»( Алина Ткачева, Ирина Лагода, Евгений Голиков, Оксана Тимошина, Полина Ваврженичик, Дияре Сетамова, Ирина Роменсхих, Оля Ачилова) студенттер командасы дайындаған жоба бірінші орын алды.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler