қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2018

Мәдени-танымдық және тәрбиелік іс-шара


2018 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Тәуелсіздік күніне орай (Педагогика және психология институтының «Лидер» студенттер клубының студенттерінің қатысуымен) мәдени-танымдық тәрбие сағаты өтті.

 

Іс-шараға жауапты: «Лидер» студенттер клубының жетекшісі PhD., Анар Алимбекова.


Тақырыбы: Бас иемін сан ғасырлар тарихы бар Егеменді Еліме.

 

Мақсаты:
а) білімділік: Білім алушыларға Қазақстанның Тәуелсіздігін алғанға дейінгі басынан өткізген тарихына қысқаша шолу жасай отырып, таныстыру;
б) тәрбиелік: Қазақстанның Тәуелсіздігін құрметтей білуге баулу. XX ғасырдың 1917-1938 жж. Қазақстан халқының экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық дамуына үлес қосқан ағартушылардың еңбектері арқылы ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек т.б. тәрбие беру;
с) дамытушылық: Білім алушылардың педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы жөнінде өзінің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, өз бетінше іздену арқылы білімдерін дамытып, іс-тәжірибе жинақтауға үйрету.

 

Іс-шара қонақтары: Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Дидарбек Ділдәбек және нұсқаушы Шәміл Сонуров, Педагогика және психология институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Идрисов, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Ұлбосын Қыяқбаева және кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  alt= 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler