қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2018

Даналық мерейтойы


2018 жылдың 13 желтоқсанында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Азатгүл Кдырбаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған «Даналық мерейтойы» мерекелік іс-шара өткізілді.


Азатгүл Кдырбаева Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында 1971 жылдан бастап жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы «Математика негіздері», «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі тарихы», «Педагогикадағы математикалық әдістер», «Қазіргі педагогикалық технологиялар», «Мектепке дейінгі жастағы балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» курстары бойынша дәріс оқиды, практикалық және зертханалық жұмыстарды жүргізеді, бастауыш сынып үшін жаңа буын оқулықтарын сараптау бойынша комиссия мүшесі, бакалаврды, Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша магистранттарды дайындау бағыты бойынша ҚР, «Бастауыш мектептің математика негіздері» ЖОО студенттеріне арналған оқу құралдарының авторы.


Салтанатты шараға университет ардагерлері, Педагогика және психология институтының директоры, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, профессор Рамсеит Қоянбаевтың жұбайы, кафедра басшылары, туыстары, профессор-оқытушылар құрамы, 1, 2, 3 курс студенттері қатысты.


«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бастауында тұрған адамдардың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында құрылған «Тағылымды тарих» деп аталатын кітаптар сериясынан презентация өтті: 6-шы кітап Азатгүл Кдырбаеваның құрметіне арналған.


Іс-шараны ұйымдастырушылар, эдвайзерлер: 1 курс - п.ғ. к., аға оқытушы Айгуль Сафаргалиева , п. ғ. м., аға оқытушы Бауыржан Жанкушков, 2 курс - п. ғ. м., аға оқытушы Мәриям Бекбаева.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler