қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет - бұл әркімнің жауапкершілігі

 

Жоғары оқу орындарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осы салада ашықтық пен айқындықты қалыптастыру болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталады.

 

Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында университетте: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018/2019 оқу жылына арналған Жол картасы; Абай атындағы ҚазҰПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Стандарт; Абай атындағы ҚазҰПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының Концепциясы; Абай атындағы ҚазҰПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Кеңес туралы Ереже әзірленді.


Аталған құжаттарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 8 ақпанында Педагогика және психология институтында «Жемқорлық індет-жою міндет» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері болды.

 

Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, қандай да бір жемқорлық әрекетіне шыдамсыздық танытып, жастарды жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді түрде тарту.


Іс-шараның өту барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық саласындағы мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, барлығын осы бағытта белсенді ұстаным ұстауға және оқытушылар мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жоғары деңгейге көтеруіне ат салысуға шақырды.

 

Аталмыш шараға Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler