қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2019

«ҚР қазіргі білім беру жүйесі»

 

2019 жылдың 15 ақпанында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Әсем Булшекбаеваның ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ботагүл Тұрғынбаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттеріне «ҚР қазіргі білім беру жүйесі» тақырыбында 2 сағаттық дәріс оқыды.

 

Дәріс мақсаты - студенттерге Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуын таныстыру, өзекті мәселелерді талдау.

 

Биылғы жастар жылын қолдау аясында университет ғалымдары өзге де мамандық студенттерімен кездесіп, дәрістер оқуда. Жастардың ғылыми әлеуетін көтеруге ат салысып, бағыт-бағдарлар беруде.

 

Дәріс барысында ғалым білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын студенттермен бірге талдап, мысалдар келтірді.

 

Ботагүл Тұрғынбаева педагогикалық шеберлігі студенттерді қанаттандырып, студенттер өздеріне қажет құнды ақпаратты алды.

 

Дәріс барысында студенттермен топтық жұмыстар орындалып, студенттерге талдауға бірнеше сұрақтар берілді. Дәрістің қызықтырғаны сондай студенттер Ботагүл Тұрғынбаева шынайы ризашылықтарын білдіріп, жүрек жарды тілектерін айтты.

 

Дәріс соңында Ботагүл Тұрғынбаева бала тәрбиесі мен ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлау керектігі мен тәрбиелеу барысындағы ой толғаныстары туралы 1 курс студенттеріне сұхбат берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler