қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2019

«Менің пірім - Сүйінбай» ІІІ республикалық студент-ақындар айтысы

 

2019 жылдың 20 ақпанында Алатау дәстүрлі өнер театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен өткен «Менің пірім - Сүйінбай» ІІІ республикалық студент-ақындар айтысына «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD доктор, аға оқытушысы Әсем Булшекбаева өзінің эдвайзерлік тобы «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттерімен бірге көрермен болып қатысып, ақындарға рухани қолдау көрсетті.

 

Айтысқа 60-қа жуық студент жас ақындар қатысып, суырып салма өнерлерін ортаға салды.

 

Студенттердің ұлттық өнерді дәріптеуіне, шешендік, суырып салма шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік берген университетімізге алғысымызды білдіреміз.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler