қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2019

«Жүректен жүрекке»

 

15 наурызда университетіміздің Педагогика және психология институтында «Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушысы аға оқытушы, PhD доктор Әсем Булшекбаева және Сағыныш Ошақпаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-3 курс (орыс бөлімі) студенттерімен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық концертін өткізді.


Қайырымдылық концертін институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов ашты. Берікжан Әлмұхамбетов өз кезегінде мейірім мен адами қасиеттер туралы жастарға үлгі-насихат әңгімелерін арнап, жылы лебізін білдірді.


Жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаттарының бірі - қоғам үшін пайдалы бола алатын, үлкенді құрметтеуге және жастарға қамқорлық жасай алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар, қайырымдылық концерті рухани-адамгершілік тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.

 

Концертте жиналған барлық қаражат «Үміт» балалар үйіне қайырымдылыққа бағытталады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler