қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

ХХІ ғасырдың креативті педагогы


8 сәуірде Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ғылым онкүндігі-2019» жұмыс жоспарына сәйкес кафедра меңгерушісі Ұлболсын Қыяқбаева және кафедранын аға оқытушысы Сағыныш Ошақпаеваның жетекшілігімен 3 курс студенттері арасында «ХХІ ғасырдың креативті педагогы» интеллектуалдық сайысы өткізілді.

 

Сайыстын басты мақсаты-студент жастардың кәсіби көзқарастарын шыңдау және ғылыми-іздемпаздық машықтарын жетілдіру.

 

Аталмыш іс-шараға ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімінің басшысы - Гульзада Байымбетова мен кафедрамыздың профессор-оқытушылары, 1-2 курс студенттері қатысты.

 

Іс-шара қатысушылардың өз мамандықтарының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін саралай отырып,оны креативті түрде дәріптеу сайысынан бастау алды. Бағдарламаға сәйкес келесі ретте студенттердің теориялық білімі мен кәсіби біліктіліктері сыңға алынды.

 

ХХІ ғасырдың креативті педагогы интеллектуалдық сайысының қорытындысы бойынша қатысушы топтар «Креативті педагог», «Белсенді педагог», «Шығармашыл педагог» сынды наминацияларды иелене отырып, сайыс жүлдесі есебінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен Ғ.Мүсрепов атындағы Жастар театырларына шақыру билеттерімен марапатталды.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler