қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2019

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз..» ғалымдар презентациясы

 

2019 жылдың 11 сәуірінде Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әсем Бүлшекбаева «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс (қазақ бөлімі) студенттерімен «Ғылым онкүндігі - 2019» аясында «Болмасаң да ұқстап бақ, бір ғалымды көрсеңіз...» тақырыбында ғалымдармен сұхбат презентациясын өткізді.

 

Ғалымдармен сұхбат презентациясының мақсаты: студенттердің білім мен ғылымға еңбектері сіңген, ғылымда өзіндік орны бар ғалымдардан алған сұхбаттарын жинақтап, көпшілік алдында таныстыру. Жас шәкірттерді ғылымға ерте баулу, ғылымдағы жетістіктерді егжей-тегжейлі түсіндіру.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Бүгінгідей жаhандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болу үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет» деген сөзі, оның ішінде білім ізіндегі жүрген жастарды қанаттандырып қана қоймай үлкен міндетті жүктеп тұрғаны анық.

 

Бүгінгі алған білімді, ертең ел игілігіне жұмсау үшінде, аға буын мен әр түрлі саланы меңгерген майталмандардың бағыт-бағдары қажет-ақ. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесі» пәні негізінде 9 ғалымнан ғылымдағы ізденістері мен білім жүйесі туралы ой-толғаныстары сұхбат болып алынды. Жас шәкірттерге бағдар беріп, сұхбат берген ғалымдар: институт директоры п.ғ.д., профессор Берікжан Әлмұхамбетов, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті п.ғ.д., профессор Асқарбек Құсайынов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттың университетінің профессоры, п.ғ.д. Шәркүл Таубаева, пс.ғ.д., академик Жамиля Намазбаева, п.ғ.д., профессор Исламия Халитова, п.ғ.д., профессор Ботагүл Тұрғынбаева, п.ғ.д., профессор Сауле Иманбаева, п.ғ.д., профессор Ақсауле Манкеш, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева.

 

Студенттер іс-шара барысында өздері сұхбат алған ғалымдардың сұхбатын талдап, еңбектері мен қызметтері туралы баяндап берді.

 

Университет тарихындағы ірі ғалымдар туралы студент Ерасыл Танаканов жан-жақты баяндама жасады.

 

Көрермендерге сұрақтар қойылып, викториналық ойындар ойнатылды, жеңімімпаздарға сыйлықтар таратылды.

 

Іс-шараға қонақ ретінде қатысқан п.ғ.д., профессор Исламия Халитова жас шәкірттеріне бата беріп, ғылым туралы ой толғады.

 

Институт директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов осындай іс-шаралардың жиі өтіп тұруын айтып, студенттерді ерте ғылымға баулу үлкен құптарлық іс екенін атап өтті.

 

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева студенттерге өз ризашылығын білдіріп, жарқын болашақ тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler