қазақша · русский · english
 
 
 
23.05.2019

«Ғылымдағы қадамдар» балалар ғылыми-практикалық конференциясы

 

2019 жылдың 16 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университетпен мектеппен ынтымақтастық аясында «Ғылымдағы қадамдар» атты кезекті балалар ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Конференция Педагогика және психология институтының оқытушылары профессор Наталья Ханның және доцент Гүлзира Абдуллаеваның, сондай-ақ Алматы қаласындағы №8 мектеп-гимназиясының директорының орынбасары Наталья Вернердің ұйымдастыруымен өткізілді.


Биылғы жылы балалар конференциясы қашықтық форматта өткізілді. Наталья Хан,Гүлзира Абдуллаева, мектеп мұғалімдері онлайн-жобаларымен танысты. Олар балаларға арналған зерттеу жобаларына баға беріп, ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар арасында жүлделі орындарға ие болды.


Конференцияға 2-ші және 10-шы сыныптардағы 16 оқушы, Алматы қаласындағы №8 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен ата-аналары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы қатысты.

 

Салтанатты марапаттау рәсімінде Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Наталья Хан,Гүлзира Абдуллаева, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп оқушылары сөз сөйледі.

 

Іс-шара барысында ұсынылған ғылыми жобаларға талдау жасалып, олардың жағымды аспектілері, сондай-ақ ұсынымдар айтылды. Конференция қатысушылары пікір алмасты және болашақта осы конференцияның жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты. Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Балалардың ғылыми-практикалық конференциясы - бұл мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ғылыми бағыттағы өзара іс-әректтің баға жетпес тәжірибесі. Осы іс-шара мектеп пен жоғары оқу орнының өзара іс-әрекетінің жағымды тәжірибесінің кеңеюінде, мектептегі білім беру мен университеттегі болашақ мамандардың кәсіби даярлығының сапасының жақсаруында, заманауи мұғалімнің мәртебесінің жоғарылауында, ғылыми іс-әрекет шекарасының ұлғаюында маңыздылығы басым.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler