қазақша · русский · english
 
 
 
10.06.2019

2-8-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен әлуметтік жобалар байқауы


2019 жылдың 5-6-маусым аралығында «Балдәурен-Қапшагай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Балдәурен білгірі - 2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауының соңғы кезеңі өтті, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 2-8-сынып оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты - балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыру, 2-8-сынып оқушыларының зияткерлік-шығармашылық, ізденімпаздық әлеуетін ынталандыру.


Байқауға қатысушылардың бірнеше айлар бойы жасаған жұмыстары үшін бас жүлдеге - «Балдәурен-Қапшагай» орталығында демалуға жолдама ұсынылды. Жеңімпаздар екі кезеңнен өтулері тиіс: бірінші кезең (сырттай іріктеу) - 28-ші мамырға дейін және екінші кезең (тікелей іріктеу) - 5-6-маусым.


Педагогика және психология институтының оқытушылары 2-8-сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі - 2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлуметтік жобалар байқауының әділ қазылар алқасы құрамында болды.

 

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесінің оқытушылары байқаудың бірнеше бағыттарында жұмыс жасаған әділ қазылар алқасы мүшелерінің қатарында:

Бауыржан Жанкушков және Айгуль Сафаргалиева -- «Тілдердің үштұғырлығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)» бағытында әділ қазылар алқасы мүшесі;

Жупат Астамбаева - «Сандық ресурстар (математика, қолданбалы математика)» бағытында әділ қазылар алқасы мүшесі;

Екатерина Рябова - «Адам денсаулығы (биомедицина, медицина)» бағытында әділ қазылар алқасы мүшесі;

Ақерке Умирбекова - «Жаратылыстану ғылымдары (химия, биология, жаратылыстану, экология)» бағытында әділ қазылар алқасы мүшесі;

Эльмира Уайдуллакызы - «Жаратылыстану ғылымдары» «Ұлы даланың жеті. «Әлеуметтік жобалар қыры химия, биология, жаратылыстану, экология)» бағытында әділ қазылар алқасы мүшесі.

 

«Балдәурен білгірі - 2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына қазылық еткені және байқау қатысушыларының дайындық деңгейін әділ бағалағаны үшін әділ қазылар алқасы мүшелері «Алғыс хатпен» марапатталды. Байқау 2019 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

 

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler