қазақша · русский · english
 
 
 
12.06.2019

Абай университеті мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы серіктестігі

 

2019 жылдың 11 маусымында Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастырумен республикалық семинар өтті.


Семинардың мақсаты: Абай университеті мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының серіктестігін дамыту.


Семинардың төрағасы - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев. Республикалық семинарға қатысушылар: Щучинск қаласынан«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Төлепбай Мухитдин, «Балдәурен-Шымкент», «Балдәурен-Капшағай», «Балдәурен-Балқаш» кешендерінің басшылары, сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары және магистранттары қатысты.


Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев және «Балдәурен» РОСО Бас директоры МухитдинТөлепбай ашты.


Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгерім Көшербаева «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Педагогика және психология кафедрасының миссиясы» тақырыбында баяндама жасады.


«Балдәурен» РОСО Бас директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жангелді Амиргалиев «Қазақстан Республикасының жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде «Балдәурен» РОСО дамыту тұжырымдамасы» туралы презентациямен таныстырды. «Қапшағай-Балдәурен» РОСО кешені басшысының оқу-тәрбие орынбасары Сандуғаш Каппасова «Балдәурен» РОСО және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың өзара әрекеттестігі, ынтымақтастықты дамыту болашағының маңыздылығы туралы айтып өтті.


Профессор Наталья Хан және Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тұрархан Жүндібаева «Бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-әрекетті жобалау: Abai University - REHC «Baldauren» тақырыбында баяндама жасады.


Семинарға қатысушылар семинарды қызу талқылады және пікір алмасты. Ыстық лебіздерін білдірді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler