қазақша · русский · english
 
 
 
12.09.2019

ҚР Президентінің Жолдауын талқылау

 

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының 1-3 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Президенті «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

 

Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарына назар аударып, кез-келген өңірдің негізгі қозғаушы күші - сол өңірде орналасқан ЖОО екендігін және қазіргі таңдағы ЖОО-на қойылып отырған талаптарға, сонымен қатар қоғамдағы орын алып жатырған маңызды мәселелерге баса назар аударды.

 

Жиын барысында «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Қиыяқбаева Ұ.Қ., п.ғ.д профессор Манкеш А.Е , п.ғ. доценті Таубаева Ғ.З ., PhD аға оқытушысы Бүлшекбаева Ә.И. жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 

Бұл Жолдау тәуелсіз елдің берік діңгегі мен біртұтастығын сақтауда еліміздің әлеуметтік, экономикалық мәселелерін жан-жақты шешіп, нақты міндеттерді орындауда маңызды құрал болмақ.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler