қазақша · русский · english
 
 
 
08.10.2019

«Педагог тұлғасы» ұжымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді


2019 жылдың 5 қазанында Математика, физика және информатика институтында Ұстаздар күніне арналған болашақ мұғалімдердің педагогикалық оқу жетістіктерінің ашық сайысы ретінде «Педагог тұлғасы» тақырыбында ұжымдық-шығармашылық шара өткізілді.

 

Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасының доценті Светлана Жұмашева ұйымдастыруымен өткізілген бұл педагогикалық мамандыққа бағытталған бағдарламаның мақсаты - болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылықтары мен педагогикалық шығармашылықтарын, инновациялық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

 

Студенттердің теориялық білімі мерекелік іс-шараның басты кезеңінде сыналды, онда студенттер топтары «Өзіндік таныстырылым» бағдарламасын қорғап, «Педагогика біліктілері» блиц-турына қатысты. Сонымен қатар, «Мектептегі жағдайлар» кейстері арқылы орта мектептегі әртүрлі қайшылықтар мен жанжалдарды шешу кезінде өздерінің басқару қабілеттері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсете білді.

 

Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің беделі мен орны, педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері мен құндылықтары, ұстаздық еңбек - осындай көкейкесті мәселелерге арналған «Педагог тұлғасы- поэзияда» кезеңі барлық қатысушыларға игі ықпал етті. Сонымен бірге, қала мектептеріндегі практиканттардың қатысуымен өткізілген «Музыкалық сәлем» кезеңі бұл іс-шараның маңыздылығын айқындады.

 

Бұл ұжымдық іс әр студентке өз мүмкіндіктерін айқындап, өзіндік педагогикалық шығармашылығын танытуға және мамандығы бойынша кәсіби ресурсін ашуға өз септігін тигізеді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler