қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2015

2015 жылдың 2 -4 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында белгілі ғалым, педагог-гуманист Бейсенбаева Аида Аршабекқызын еске алуға арналған апталық өтті. Апталық Ғалымның есімі берілген дәрісхананы салтанаты түрде ашылудан басталды. Бейсенбаева Аида Аршабекқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор барлық саналы ғұмырын Қазақстан ғылымы мен білімінің дамуы мен мамандар даярлау жүйесіне арнады. Ғалым педагогика ғылымдарының 40 кандидатын, 9 докторын, 2 философия докторын дайындап шығарды; 200-ден аса (монография, оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми- әдістемелік мақалалар, бағдарламалар) еңбектері жарық көрген.
Дәрісхананы Бірінші проректор, профессор Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы мен тәрбие ісі жөніндегі проректор Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы ашты. Іс-шара барысында Аида Аршабекқызының Қазақстан ғылымына қосқан үлесі туралы Педагогика-психология институтының директоры Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы,педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбдіғапбарова Ұ.М., әріптестері профессор Тұрғынбаева Б.А., профессор Хан Н.Н. баяндады. Сонымен қатар іс -шараға ғалым Бейсенбаева Айда Аршабекқызының ұлы Нұрғалым мен қызы Жанар Өміралиевтер қатысып, дәрісханаға құнды кітаптар жиынтығын сыйға тартты.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler