қазақша · русский · english
 
 
 
24.12.2018

Ашық тәрбие сағаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау

 

2018 жылдың 24 желтоқсанында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары мен тыңдаушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру» аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың (2018 жылы 21 қараша) «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды.

 

Мақсаты: тыңдаушылардың осы мақала аясында елдің бірлігін, ұлттық ата-мұра құндылықтарын ата-бабадан аманат болғандықтан, осы ұрпақтың қорғап, бойына сіңірулеріне және ұлттық қасиетінің рухани жаңғыруының айқын жолы екендігін ой бөлісу арқылы жеткізу. Ұлы даланың жеті қырын ашып айтып, біздің өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беру. Өткенін жеткізе отырып, рухани дүниесі мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру.

 

Қазақстан тарихы пәнінің аға оқытушысы Бақытгүл Солтиева осы аталмыш тақырыпта презентация дайындап, тыңдаушыларды таныстырды. Елбасымыз кеңістік пен уақыт өлшемінің негізінде ұлт тарихына терең шолу жасап, ұлы даланың жеті қырының мағынасын, мәнін анық ашып көрсетті. Тыңдаушылар Елбасының жаңа бағдарламасына қатысты тағылымдық мәні терең, тарихи пайымы бар мақаласына өз ойларын білдіріп, оны талдап шықты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler