қазақша · русский · english
 
 
 
21.10.2016

      2016 жылдың 3 қазан айында Өнер, мәдениет және спорт институтының магистранттары мен  ПОҚ-на арналған «Ғылыми рейтингті журналдарда мақаланы қалай жариялаудың негізгі алғышарттары» атты ғылыми-әдістемелік семинарын өнертану ғылымдарының кандидаты, қауы.проф. M.Э. Сұлтанова  өткізді. Мақалаларды шетелдің беделді журналдарында жариялау автор үшін ауыр және жауапты қадам екендігін атап кетті.Лектор ғылыми мақалалардың құрылымдық талаптарын, ғылыми аппаратты дәйекті етіп орындау жолдарын атап көрсетіп толыққанды ақпарат беріп таныстырды. Аталмыш, семинар-тренинг барлық қатысушылар үшін өте пайдалы әрі қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі деп есептейміз.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler