қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2017

 

НАУРЫЗ - 2017

         21.04.2017ж. Өнер, мәдениет және спорт институтының ұжымы  «Наурыз - 2017» мейрамын атап өтті.

     «Музыкалық білім» және «Хореография»  мамандығының студенттері оқытушыларымен, Алмат  Құмаржановтың басшылығымен  «Жаңа күн - жаңа өмір, жарқын белес!» атты театралды қойылым көрсетті. «Бейнелеу өнер және сызу», «Сәндік қолөнер», «Кескіндеме» мамандығының студенттері қолданбалы өнер көрмесін жасады; «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының студенттері -  әртүрлі  жарыс ұйымдастырды.

         «Жаңа күн»  театрлік композициясының ашылуы Наурыз тақырыбына байланысты болған сон «Жыл басы» атты хореографиялық эпизодымен басталды. Қатысушылары - Алдар-Көсе,  Жас жігіт, Жас Ару,  Көктем, Қыдыр-Ата.  «Аластау» және «Шашу» салттары көрсетілді; бишілер тобы «Шашу» биін биледі.

Содан кейін, студенттік хор Е.Брусиловскийдің  «Кыз-Жибек»  операсынан  хор шығармасын орындады (солисттер: Шегенің ариясын 1 курс студенті Мәжен Бекзат, Қыз-Жибектің «Гәкку» ариясын 3 курс студенті Тұрсынбай Ботакөз орындады). «16 қыз» қазақ халық әнің солист 4 курс студенті Құрманбеков Асет хормен орындауында,  «Әлкисса», «Ән шашу», «Күй тартыс» т.б. шығармалар орындалынды.

         Наурыз мерекесі «Қара-Жорға» бимен жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  

 

 

 

 

 



 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler