қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2017

 

Ұлттық киімнің жоғары сән үлгісінің IV Еуразиялық «Этно Эрато» конкурсындағы жеңіс


2017 жылы 8 және 11 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында ұлттық саясат және аймақаралық қатынас Департаменті мен «Московский Дом национальностей» МБМ қолдауымен ұлттық киімнің жоғары сән үлгісінің Еуразиялық «Этно Эрато» атты конкурсы өтті.


Конкурста Ресейдің 50 аймақ өкілдері, сонымен қоса Қазақстан, Армения, Монғолия, Үндістан, Украина, Белоруссия және басқа мемлекеттерден қатысты.

 

«Ретро национального костюма» атты конкурстық номинацияда қатысу үшін қауымдастырылған профессор, Қазахстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы және методика кафедрасы, Өнер, мәдениет және спорт Институтынан Раушан Канапьянова шақырылды.

 

Раушан Канапьянованың «Шанырак» топтамасы көреремендер және қазылар алқасынының үлкен қызығушылығын тудырып, бірауздылықпен «Этно Эрато» статуэткасымен марапатталып 1-ші орынға ие болды және «Ретро национального костюма» атты номинациясында 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

    

 

    

 

    

 

    




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler