қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

 

2018 жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-4 курс студенттерінің ұйыдастыруымен «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» тақырыбында концерттік шара өтті.

 

Концерттің негізгі мақсаты: 1986 жылы желтоқсандағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан Кеңес империясының қаһарынан тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін насихаттау, студенттер көңіліне ұялату.


Іс-шара барысында кафедра меңгерушісі Ерғали Мухиддинов  сөз сөйлеп тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, барша студенттер мен ұстаздарға алғысын білдірді. Концерттік бағдарлама аясында желтоқсан туралы көріністер қойылып, ұлттық би биленіп, Отан, туған жер туралы әндер айтылды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler