қазақша · русский · english
 
 
 
05.09.2019

Өнер, мәдениет және спорт институтына Қытай Ханьшан педагогикалық университетінің өкілдері келді

 

2019 жылдың 3 қыркүйегінде Өнер, мәдениет және спорт институтында Ханьшан педагогикалық университетінің (КХР) 2002 жылдан бергі өнер, білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өтті. Кездесуге шетелдік қонақтар арасында - Ханьшан педагогикалық университетінің Қытай коммунистік партия комитеті хатшысының орынбасары Ву Юджонг, халықаралық департаменті директорының орынбасары Хуан Пэйжен, өнер және дизайн факультет директорының орынбасары Шен Гуйлинь, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, Тоққожа Қожағұлов, оқу іс жөніндегі директорының орынбасары Зоя Рабилова, академиялық ұтқырлық және ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары Ақмарал Сманова, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Кездесу барысында екі жақтылы білім алмастыру, тәжірибе топтау, академиялық тәжірибе алмасу мәселесі бойынша студенттер мен магистранттарға арналған 3/3 бағдарламасы (баклавариат 2 жыл, магистратура 1 жыл) бойынша қосдиплом жобасын іске асыру, сонымен қатар «Көркем білім» кафедрасынан оқытушылар құрамының Ханьшан университетіне сабақ және дәріс оқуларын жалғастыру, екі жақтылы мәдени іс-шаралар өткізу туралы ортақ мәселелер талқыланды. Ынтымақтастық кездесуден кейін делегация университет және Өнер, мәдениет және спорт институтының оқу базасын аралап, «Көркем білім» кафедрасының шығармашылық аудиторияларымен танысып, профессор-оқытушылар құрамы мен кездесу барысында білім саласындағы іскерлік қарым-қатынасты одан ары дамыту негізінде дөңгелек үстел өтті.

 

   

 

   

 

«Көркем білім беру» кафедрасы

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler