қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.09.2017

 

АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСТАРЫ..!

 

         2017 жылдың 15 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Т.Балықбаевтың тапсырмасымен Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.Жұмағұлов Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында өткен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары!» атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияға қатысып қайтты.

         Аудан орталығы Жымпиты ауылында Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы мен осы үкіметтің көрнекті қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың туғанының 130 жылдығы кең көлемде аталып өтілді.

Конференция жұмысына университетіміздің өкілі ретінде қатысқан Б.Жұмағұлов аудан әкімі Төлеген Төреғалиевке Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Оспанұлының конференция жұмысына табыс тілеген құттықтау хаты мен Алаш қозғалысы туралы жазылған университет ғалымдарының ғылыми еңбектерін табыс етті.

         Айтулы даталардың Жымпиты жерінде аталып өтуі тегін емес. 1918 - 1919 жылдары дәл осы Жымпитыда Алаш автономиясының Батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше жұмыс жасады. Бөлімшеге Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Жаһанша Досмұхамедов төрағалық еткені тағы белгілі.

           Сырым ауданының әкімдігі мен Айболат Құрымбаев жетекшілік ететін «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры әріптестікте ұйымдастырған шараға алыс-жақыннан қонақ көп келді.

           Аудан Алаш тойының меймандарын дәстүр бойынша Сырым батырдың кесенесінің тұсынан қарсы алды. Қарсылау қазақы қалыпта ақ дәммен, ауылдың сал-серілерінің салтанатымен болды.

Сырым ауданының орталығындағы Өлеңті орта мектебіне 2006 жылы заңгер, Алашорда үкіметінің қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың есімі берілсе, енді осы мектепте жаңадан мектеп музейі ашылды.

Биылғы жылы мектептің алдындағы алаңда Жаһанша Досмұхамедовтың бюсті де орнатылған болатын.

     Сол күні Жымпитыдағы Алаш мұражайы да жаңғырту жұмыстарынан кейін келушілерге қайта таныстырылды. Жымпитыдағы Алаш мұражайы 1918 - 1919 жылдары Алаш автономиясының Батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше болған тарихи ғимаратта орналасқан. Ғимарат мемлекеттік қорғауға алынған.

Түске жақын аудандық мәдениет үйінде «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары!» атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қатысушыларды құттықтап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев пен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

       Конференция отырысы панельдік режимде өтті. Отырысқа алаштанушы Тұрсын Жұртбай, Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, доцент Дәметкен Сүлейменова, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, археолог Амантай Исин, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті тарих және құқық институтының директоры, тарих ғылымының кандидаты, профессор Болат Жұмағұлов, ҚР мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетова, Астрахань мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Сызранов, белгілі алаштанушы, қоғам қайраткері, әнші, сазгер Құсмілия Нұрқасым, «Әділет» қоғамдық - ағартушылық ұйымының мүшесі, биология ғылымдарының кандидаты Шолпанай Аманжанова, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доктор Ердәулет Берлібаев, сонымен қатар Алаш қайраткерлері Ж. Досмұхамедовтың, Бижан Жанқадамовтың, Бақтығали Бисеновтың, Медет Тілеповтың ұрпақтары қатысты.

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Карьера орталығы
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңбері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге
  • Емтихан кестелері

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті