қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
02.10.2017

 

2017 жылдың 27 қыркүйегінде Ғалымдар үйінің үлкен конференцзалында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Т.О. Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ Байқау кеңесі мүшелері, ЖОО ректорлары, ҚР ҰҒА ғылыми-зерттеу институтының директорлары, Алматы қаласының гимназиялары, мектеп директорлары, мұғалімдері, Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласының Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері, Алматыдағы шет елдердің бас консулдары, БАҚ өкілдері, студенттер, университеттің түлектері, ата-аналар, жалпы 500-ден  аса адам қатысты.  


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры кездесу барысында 2016-2017 оқу жылындағы жұмыс нәтижесіне есеп беріп, университеттің даму жоспарларымен бөлісті.

 

Университет ұжымы даму стратегиясындағы қойылған міндеттерді атқаруға қызмет етуде. Абай атындағы ҚазҰПУ  ұстанымдарын насихаттау және нығайту бағытында халықаралық және ұлттық рейтинг бойынша QS World University Ranking рейтингінде әлемнің үздік 491 университетінің қатарына енуі (алғаш рет Абай атындағы ҚазҰПУ әлем университеттерінің 500 үздіктің қатарына),   Web of Science ақпараттар базасында импакт-факторы бар мақалалар саны бойынша республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алуы басты жетістіктері болып табылады.

 

 Баяндамада ұжымның білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени жұмыстағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды, үздік студенттер мен оқытушылар атап өтілді.

 

 Университеттің білім беру бастамалары ретінде педагогикалық мамандықтар бойынша 23 жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларының енгізілуі, ағылшын тілінде оқытуға арналған оқу бағдарламалары(Физика, Информатика, Химия, Биология) дайындалуы, ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017/2018 оқу жылынан бастап республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асыруға ұсынылған 19 ЖОО оқулықтары, шағын жинақты мектеп мұғалімдерін оқытуға қосарланған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының дайындалуын атап өтті.

 

Университет қызметкерлерінің алдында орта мерзімді кезеңде тұрған міндеттер анықталды. Біріншіден, Абай атындағы ҚазҰПУ республиканың педагогикалық институттары мен аймақтық университеттеріне мамандар дайындау мен олардың біліктілігін арттыруды дамытуы  қажет.Екіншіден, педагогтарды дайындаудың оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын сапалы жаңартуды жалғастыруы қажет.

 

Университет педагогикалық білім берудің алдыңғы қатарлы орталығы ретінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты программалық мақаласында айтылған міндеттер мен жобаларды іске асыруда орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламалары мазмұнын жетілдіру бағытында білімнің жаңа мазмұнын анықтап, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді,  орта мектепке латын жазуындағы оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын жаңа үлгіде әзірлеуді бастамақ.

 

Зерттеу университеті ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттары, басқа ұйымдар мен қорлар бойынша конкурстарға профессор-оқытушылар құрамының қатысуын арттыру, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мақсатында жобалық тәсілді жүзеге асырып, алдағы үш жылда ғылым бюджетін 2-3% -ға ұлғайтып, педагогикалық технологиялар орталығын, мамандандырылған педагогикалық зертханалар және т.б.құруды  жоспарлауда.

 

Баяндамада білім беруді интернационалдандыру және экспорттаудың  маңызы, халықаралық ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде белсенді азаматтық ұстанымы және жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар, жоғары оқу орнының менеджменті мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру жолдары айтылды.

 

Университеттің даму стратегиясын жүзеге асыруда  Абай атындағы ҚазҰПУ-ді ғылыми-зерттеу және цифрлы университетке айналдыру, студенттерге қызмет жасаудың бірыңғай орталығын құру, 600 адамға арналған акт залы, оқу корпустары, аудиториялар мен ғылыми-білім беру зертханалары, әлеуметтік-мәдени және спорттық мақсаттағы объектілерді модернизациялау, сандық кітапхананы құру сынды Абай атындағы ҚазҰПУ Байқау кеңесінде нақтыланған басым бағыттар және ұзақ мерзімді даму жоспарлары ерекше рөл атқарады.

 

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін, менеждмент принциптері мен жалпы басқару жүйесін сапалы өзгерту қажет.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ерекше мәртебесі бар ұлттық педагогикалық университет ретіндегі қызметі жұмыс берушілер арасында академиялық беделін арттыруға, педагогикалық білім мен ғылым саласында көшбасшылық позицияларды нығайтуға бағытталған.

 

Университеттің алдағы 90-жылдық мерейтойы жетістіктердің нәтижесі ғана емес, инновациялық дамудың жаңа кезеңі де болуы керек.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының есеп беру баяндамасынан кейін Байқау кеңесінің мүшесі К.С. Матыжанов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры  Е.З. Қажыбеков, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры   З.Е. Қабылдинов, Экономика институтының директоры  А.А. Сатыбалдин, №12 мамандырылған гимназияның директоры Р.Б. Сакенова, Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшесі, 3 курс студенті Д. Дидарбек, А.Е. Нусіпбекова (ата-аналар атынан) және басқа қонақтар ойларымен бөлісті.

 

Есеп беру кездесуінің соңында Т.О. Балықбаев Сорбонна-Қазақстан Институтының даму жетістіктерімен, оқыту-зертханалық жабдықтарды жаңарту, мектепке дейінгі мекемелерде мамандарды дайындау мәселелері,  ғылыми және педагогикалық мамандарды дайындау бойынша ғылыми институттармен бірлесе жұмыс жасау, оқулықтар жазу, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты, талантты жастарды және жас ғалымдарды қолдау және т.б.  сұрақтарға жауап берді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.О. Балықбаевпен кездесуі туралы ақпарат «Хабар», «Хабар-24», «Қазақстан», «СТВ», «Қазақ радиосы» телеарналарының жаңалықтарында көрсетіліп, сондай-ақ баспасөз ақпараттық құралдарына есеп беру мақалалары дайындалуда. 

 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

университетінің ректоры Т.О.Балықбаевтың

халықпен кездесудегі баяндамасы

 

Баяндамаға презентация

 

Фототүсірілім

 

 



26

Кері оралу