қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
06.10.2017

 

СУРЕТШІ КӨРМЕСІ УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

 

                Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі, профессор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұловтың «Үнсіз музыка» тақырыбындағы жеке көрмесі ашылды. Автордың бұл көрмесі Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналды. Мұражайдың 2-3 қабатындағы көрермендер залында суретшінің 50-ден астам еңбектері қойылды.

         Көрменің ашылуына арналған салтанатты жиында еліміздің көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық одақтардың басшылары, суретшілер, өнертанушылар сөз сөйлеп, бейнелеу өнерінде, оның ішінде портрет жанрында еңбек етіп жүрген көрнекті қыл қалам шебері Тоққожа Қожағұловтың шығармаларына талдау жасап, жоғары бағаларын берді. «Тоққожаның портреттік шығармалары қатып қалған фотография емес, оларда кейіпкердің жан-дүниесі, жүрек жылуы, көз нұры өте нәзіктікпен және шынайы шеберлікпен беріліп, тірі бейнеге айналады», -- десті көпшілік.

         Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Қапезұлы Кенжебаев суретші Тоққожа Қожағұловтың қат-қабат ғылыми-педагогикалық жұмысты шалқар шығармашылық қызметпен тығыз ұштастырып, дүниеге Абай, Жамбыл, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов, Қарасай батыр, Әйтей батырлардай ұлы тұлғалардың қайталанбас портреттерін әкелген талантына құрметпен қарайтынын білдірді. Сондай-ақ профессор Ғ.Кенжебаев суретшінің бұл көрмесі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналуының символдық мәні бар екенін атап көрсетіп, қыл қалам шеберіне университет ректоры Т.Балықбаевтың құттықтау хатын тапсырды.

         Көрмені тамашалауға келген көрермендердің легінде есеп жоқ. Олардың бәрі де Тоққожа Қожағұловтың талантына тәнті болып, оның көрмеге қойылған еңбектеріне қызығушылық танытты.

 

 

 

 

 

Мырзахан Ахметов,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

 



19

Кері оралу